Нұр-Сұлтан қаласында дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау курсы аяқталды

Қазақ

2019 жылдың 1 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында  Нұр-Сұлтан қаласының және республикалық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» курсын аяқтады.

2 күндік оқыту курсына 50 - ден астам адам қатысты. Аталмыш іс-шараға дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелігіне кіретін әр түрлі сала мамандары, соның ішінде жалпы білім беретін мектептердің зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің оқытушылары, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың және діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Курстың соңында 56 қатысушыға арнайы сертификаттар мен 33 адамға Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің «Өңірлік дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі» атты арнайы куәліктері табысталды.

Сонымен қатар, жоба аясында өткізіліп жатқан дін мәселелері жөніндегі АТТ мүшелерінің беделін арттыру, озық тәжірибелерді тарату, үздік кәсіптік білім мен дағдыларды меңгергендерді анықтау, марапаттау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру мақсатында «Жылдың үздік дәріскері» конкурсы өз мәресіне жетті. Конкурс қорытындысы бойынша келесі адамдар номинациялық дипломмен марапатталып, ақшалай сыйлық иесі атанды:

  1. «Жылдың үздік дәріскері» номинациясы бойынша – Алматы қаласынан Чингужанов Р.;
  2. «Шешендіктің қас шебері» номинациясы бойынша – Қызылорда облысынан Кеңесбеков Қ.;
  3. «Үздік эссе» номинациясы бойынша  - Қарағанды облысынан        Жакупбекова Г.;
  4. «Креативті тұлға» номинациясы бойынша – Ақтөбе облысынан          Адилханова Э.;
  5. «Жалынды жас дәріскер» номинациясы бойынша – Ақтөбе облысынан Жаншин Н.;
  6. Конкурсты ұйымдастырушылардың «Парасат» атаулы номинациясы бойынша – Ақтөбе облысынан Құдайберген М., Жамбыл облысынан Әскенұлы Е.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс түрлері арқылы хабарласуға болады: +7705 505 62 12, +7 7713020942 (WhatsApp), kmc_parasat@mail.ru.