Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау республикалық курсы аяқталды

Қазақ

2019 жылы сәуір-қараша айларында Нұр-Сұлтан қаласында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында  дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» курсын аяқтады.

Қазақстан Республикасының 10 қаласында (Өскемен, Павлодар, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Нұр-Сұлтан) өткен оқыту курсына 600 - ден астам адам қатысты. Аталмыш іс-шараға дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелігіне кіретін әр түрлі сала мамандары, соның ішінде жалпы білім беретін мектептердің зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің оқытушылары, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың және діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Курстың соңында 637 қатысушыға арнайы сертификаттар мен 167 адамға Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің «Өңірлік дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі» атты арнайы куәліктері табысталды.

Сонымен қатар, жоба аясында өткізілген дін мәселелері жөніндегі АТТ мүшелерінің беделін арттыру, озық тәжірибелерді тарату, үздік кәсіптік білім мен дағдыларды меңгергендерді анықтау, марапаттау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру мақсатында «Жылдың үздік дәріскері» конкурсы өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар номинациялық дипломмен марапатталып, ақшалай сыйлық иесі атанды.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс түрлері арқылы хабарласуға болады: +7705 505 62 12, +7 7713020942 (WhatsApp), kmc_parasat@mail.ru.