Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау әлеуметтік жобасы қорытындыланды

Қазақ

2019 жылдың 15 қарашасында Өскемен қаласында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ - тың мемлекеттік гранты аясында іске асырған «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының қорытынды жария презентациясын дөңгелек үстел түрінде өткізді.

Шараға жоғары оқу орнының  оқытушылары, магистранттар, ақпараттық – түсіндіру тобының мүшелері, жергілікті уәкілетті орган өкілдері, тарих исламтану, дінтану мамандығының студенттері қатысты.   

Жобаның қорытындысы бойынша  6 методикалық материал, 5 мақала, 5 бейне – лекция дайындалып, 637 дін мәселелері жөніндегі ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі оқытылып,  167 адамға  Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің «Өңірлік дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі» атты арнайы куәліктері табысталды.

Сонымен қатар, жоба аясында өткізілген дін мәселелері жөніндегі АТТ мүшелерінің беделін арттыру, озық тәжірибелерді тарату, үздік кәсіптік білім мен дағдыларды меңгергендерді анықтау, марапаттау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру мақсатында «Жылдың үздік дәріскері» конкурсы өткізіліп, 36 үміткер қатысты. . Конкурс қорытындысы бойынша іріктеу кезеңінің жеңімпаздары номинациялық дипломдармен марапатталып, ақшалай сыйлық иесі атанды.

Жоба серіктестері ҚР АҚДМ Дін істері Комитеті және өңірлердегі жергілікті уәкілетті органдар (дін істері басқармалары мен қоғамдық даму басқарамалары) болып табылады.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс түрлері арқылы хабарласуға болады: +7705 505 62 12, +7 7713020942 (WhatsApp), kmc_parasat@mail.ru.